Олимпиада чемпионы Демеу Жадраев грек-рим күресінен Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен Гран-при турнирі аяқталды.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Отандастарымыз аталмыш турнирде жеті медальға қол жеткізді. Оның екеуі алтын.

Демеу Жадраев (77 келіге дейін) 2024 жылғы Олимпиададан кейінгі алғашқы халықаралық турнирінде алтыннан алқа тақты. Сонымен қатар 67 келіге дейінгі салмақта Бағдат Сабаз чемпион атанды.

Күміс жүлде иегерлері: Ербол Камалиев (60 келіге дейін), Омар Сатаев (82 келіге дейін).

Ал Айбек Сабырбеков (60 келіге дейін), Асаухат Мухамадиев (63 келіге дейін), Мейіржан Шермаханбет (67 келіге дейін) жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы командалық есепте көш бастады.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр