Олимпиада: Айбек Оралбай жартылай финалға шыға алмады

Париж Олимпиадасында бокстан 92 келі салмақтағы ширек финал бәсекелері өтуде. Өкінішке қарай, қазақстандық Айбек Оралбай жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Турнирдің 1/4 айналымында Айбек Оралбай Әзербайжан атынан жұдырықтасатын кубалық боксшы Лорено Альфонсо Домингеспен кездескен болатын.

Жекпе-жектің алғашқы раундында Айбек 4:1 есебімен алға шықты. Ал екінші және үшінші раундта төрешілер жеңісті Домингеске берді.

Осылайша, Қазақстан командасының тағы бір боксшысы жарысты аяқтады.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?