16 июня 2023 г. 14:04

«Өлім жазасына да келісемін»: Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта өз пікірін айтты

Фото:

Елорданың №2 Байқоңыр аудандық сотында Арыстанбек Мұхамедиұлы және оның сыбайластарына қатысты істің кезекті отырысы өтті.

Алматы, NEGE. Сот отырысы барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне тағылған айыппен келіспейтінін жеткізді. Сондай-ақ, өзіне тағылған айыптардың біреуі де дәлелденбегенін алға тартты. 

«Құрметті сот! Мен кез келген жазаға, тіпті өлім жазасына да келісемін, бірақ ақша жымқырды деген айыппен емес. Қазақта «Өлімнен ұят күшті» деген тамаша мақал бар. Ең қымбаты – намыс», – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Тегтер: