Өлгей қаласына жаңа әкім тағайындалды

Есболат Дәуітұлы Өлгей қаласының әкімі қызметіне тағайындалды

, деп хабарлайды KAZNEWS.

Алматы. NEGE. Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы әкімінің өкімі бойынша және Өлгей сұмыны Азаматтар өкілдері Хуралының (мәслихатының) алғашқы сессиясының келісімімен Есболат Дәуітұлы Өлгей қаласының әкімі қызметіне тағайындалды, деп жазады Моңғолиялық KAZNEWS ақпараттық порталы. «Есболат Дәуітұлы 1986 жылы Баян-Өлгей аймағының Цагааннуур (Ақкөл) қалашығында дүниеге келген. 2007 жылы Ғылым технология университетін Мұнай газ инженері мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы Ғылым технология университетінен Техника ғылымдарының магистрі дәрежесін алған. Еңбек жолын 2007-2008 жылдары Шунхлай трейдинг компаниясында менеджер, 2008-2009 жылдары НИК-Петровис компаниясында Жанармай құю бекетінде жетекші, 2009-2015 жылдары Цагааннуур қалашығындағы Мемлекеттік жанармай қорында менеджер, инженер, 2015 жылдан Цагааннуур қалашығының әкімі қызметін атқарып келді», - деп жазады KAZNEWS.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды