«Оқжетпес» ойыншыларының біріне COVID-19 диагнозы қойылды

«Оқжетпес» ойыншыларының біріне COVID-19 диагнозы қойылды, деп хабарлайды Prosports.kz «Қайрат» АФК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. Еске сала кетейік, бүгін, 25 қазанда «Оқжетпес» Қазақстан чемпионаты аясында алматылық клубқа қарсы ойнауы керек еді. «Өкінішке орай, футзалдан Қазақстан чемпионаты аясында «Қайрат» АФК - «Оқжетпес» МФК арасындағы бірінші матч өтпеді. «Оқжетпес» МФК ойыншысынан алынған коронавирус сынамасының оң нәтижесіне байланысты ҚФФ кездесуді өткізу мүмкін емес деп шешті. ҚФФ ережесіне сәйкес «Оқжетпес» клубына техникалық жеңіліс (0:5) есептелді», - делінген Алматы клубының хабарламасында. Ертең, 26 қазанда «Қайрат» рудныйлық «Аятпен» кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған