Оқушылардың көктемгі демалысы 12 күнге созылады

Елімізде мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 12 күнге созылады.

Алматы, NEGE. «Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 20-31 наурыз аралығында – 12 болады. 4-тоқсан сабағы 1 сәуірде басталады», - деп атап өтті ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен. Сонымен қатар ведомство мәліметінше, 3-тоқсанда 1 сынып оқушылары үшін қосымша демалыс болды. Ол 8-14 ақпан аралығында 7 күнге созылды.

Еске салайық, оқу жылының 3-тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақтала отырып, аралас оқыту (пәндердің 70 пайызын – дәстүрлі форматта, 30 пайызын – қашықтан) форматына көшірілді. Сондай-ақ ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, 1 наурыздан бастап мектептерде білім беру аралас форматқа көшірілді. Оған сәйкес, 1-5 сынып оқушылары түгел мектептен оқи бастады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады

Назарбаев университеті пәтерінде табылған қару-жарақ: қылмыстық іс қозғалды

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы «Дикий Арманмен» дос болғанын растады

Астанада LRT-нің Қосшы бағытындағы екінші кезеңінің құрылысы басталды