Оқушылар мінген автобус көпірге соғылды

Англиядағы Гэмпшир графтығында болған жол-көлік апатында кем дегенде 16 оқушы жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақаттар алған. Бейсенбі күні екі қабатты мектеп автобусы теміржол көпіріне соғылған. Бұл туралы графтықтың полициясы Facebook парақшасында мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Ауыр, бірақ айтарлықтай қауіп төндірмейтін жарақат алған үш оқушы ауруханаға жеткізілді. Жеңіл жарақат алған тағы 13 оқушыға оқиға орнында көмек көрсетілді», – делінген полиция хабарламасында.

Sky News телеарнасына куәгерлердің айтуынша, автобус теміржол көпірінің астына салынған туннельге соғылған. Соқтығысу салдарынан автобустың жоғары жағы жұлынып кеткен.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты