Оқушылар күзгі каникулда қанша күн демалады?

ҚР Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларының бірінші тоқсаннан кейінгі каникулы қашан басталатынын мәлім етті.

Алматы, NEGE.  «Күзгі каникул мерзімі 10 күнді құрайды. Оқушылар 5-14 қараша аралығында демалады» делінген хабарламада.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың екінші толқыны қаупіне байланысты оқушылардың І-тоқсаннан кейінгі демалысы алға жылжымайтынын айтқан.