Оқушылар қысқы каникулда неше күн демалады?

ҚР Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларының қысқы каникулы туралы кеңірек мағлұмат жариялады.

Алматы, NEGE. Мектеп оқушыларының қысқы демалысы 11 күнді құрайды: 31 желтоқсаннан бастап 10 қаңтарға дейін (қоса алғанда) деп хабарлады БҒМ.

8-14 ақпан аралығында бірінші сынып оқушылары үшін қосымша 7 күндік демалыс беріледі.