Оқушылар келесі жылдан бастап жаңа пән оқиды
Қазақстандық мектептерде «Еңбекке баулу» жаңа пәні пайда болады. Бұл туралы сенатта өткен парламенттік тыңдауда ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.
Алматы, NEGE. "Еңбек тәрбиесінің маңызы зор екені белгілі. Сондықтан жаңа оқу жылында бірінші сыныптан бастап «Еңбекке баулу» пәні енгізіледі, - деді Ералы Тоғжанов.
Жоба бойынша мектептер жанынан жылыжай ашу көзделген. Вице-премьердің айтуынша, қазірдің өзінде мектептердің шамамен 7 пайызында мұндай тәжірибе бар.
Сонымен қатар, мектеп оқушыларының болашақ мамандығын таңдауына көмектесу үшін мектептерде алғаш рет мамандыққа баулу мұғалімдері жұмыс істей бастайды.