Оқушылар қанша күн оқиды?
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде бес күндік оқу жүйесі бойынша білім беруді жалғастыруға болатынын айтты.
Алматы, NEGE. "Егер мектеп бес күндік оқу жүйесін бойынша білім бере алатын болса, рұқсат беріледі. Бірақ пандемияға байланысты кейбір шектеу шаралары енгізіліп отыр. Сондықтан, ауысым саны көп болған мектептерге бес күндік оқу жүйесі сәйкес келмеуі мүмкін. Бұл шешімді мектеп қабылдайтын болады. Бес күнге сәйкес келмейтін болса, сабақтар алтыншы күнге ауыстырылады”, – дейді министр.
Ол дәл осындай тәжірибе алдыңғы жылы қолданылғанын түсіндірді.
“Біз жыл сайын біртіндеп бес күндік оқу жүйесіне көшкен болатынбыз. Бірақ сол кезде де алты күн оқыған мектептер болды. Өйткені олар бес күндік оқу жүйесін ұйымдастыра алмады”, – деді министр.
Соған қарамастан, Аймағамбетов бес күндік білім беру балаға да, мұғалімдерге де тиімді екенін айтты.