Оқушылар арасындағы төбелес: Ақтөбе облысында үш мектеп директоры кетті ме?

Алайда облыстық білім басқармасы тексерудің тиісті дәрежеде жүргізілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Сондықтан педагогтар қайтадан қызметіне оралды. Қазір бұл істі облыстық деңгейде құрылған арнайы комиссия зерделеуге кірісті. 20 қыркүйек күні Темір ауданындағы 3 мектептің жоғарғы сынып оқушылары арасында кикілжің туып, арты қыздар арасындағы төбелеске ұласқаны белгілі. Топ болып бір жеткіншекті соққыға жыққандардың бейнесі әлеуметтік желіге тарап кеткен еді. Оқиғаға қатысты тәртіп сақшылары да тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Облыстық білім басқармасы жетекшісінің орынбасары Нұргүл Бертілеуова: "Үш директорды да орнынан босату негізсіз болғандықтан, орнына қайтадан тағайындалды. Негіз болу үшін міне, ертең білім басқармасы тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Сол кезде үш директор лауазымдық міндеттерін дұрыс орындамағаны анықталған жағдайда ғана белгілі бір шара қолданылатын болады. Ал қазіргі таңда толық зерделеу жүргізілмегендіктен, оны орнынан алып тастау ол негізсіз" деді.

Қазір оқып жатыр

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге қашан жететіні беймәлім

Жағалаудағы құрылыс кезінде 170 млн теңге жымқырған: Көкшетауда шенеунік сотталды