Оқушылар қысқы каникулда қанша күн демалады?

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мектеп оқушылары қысқы каникулда 10 күн демалады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Екінші тоқсанда сегіз оқу аптасы бар. Оқушылар 2024 жылдың 30 желтоқсаннан 2025 жылдың 8 қаңтарына дейін демалады. Сондай-ақ 1-сыныптарға қосымша демалыс беріледі. Ол 2025 жылы 10 ақпаннан 16 ақпанға дейін жалғасады.

Үшінші тоқсан – 10 оқу аптасы бар оқу жылындағы ең ұзақ тоқсан. Оқушылар көктемгі демалыста 21 наурыздан 31 наурызға дейін 10 күн демалады.

Төртінші тоқсанда 8 оқу аптасы бар. Оқу жылы 2025 жылы 25 мамырда аяқталады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?