25 сентября 2024 г. 19:41

Оқушы қыздар енді мектепке хиджаб киіп бара алады

Фото: ғаламтордан

Қазақстандық заңгер Жаслан Айтмағанбетов оқушы қыздың орамал таққаны үшін мектеп қабырғасында білім алуына шектеу қою мәселесін көтеріп, Жоғарғы сотқа жүгінген.

Алматы, NEGE. Осы іс бойынша шешім қабылданды.

«Жоғарғы сот оқушы қыздардың орамал таққаны үшін мектепте білім алуына шектеу қою мәселесіне нүкте қойды. Жоғарғы сот осы шешімімен облыстық сот қаулысының күшін жойып, тыйым балалардың білім алу құқығын бұзатынын мойындады. Мұндай шешімді бұған дейін 4 облыстағы соттар да мойындаған еді. Қалай болғанда да, сот билігі министрліктің ұстанымына емес, заң нормаларына қарайтыны қуантады», — деді заңгер.

Осы орайда істің мән-жайын Жоғарғы соттан сұрап білдік. Ведомство бұл мәліметті растады.

«Шешім қабылданды, 10 жұмыс күні ішінде қаулы шығады», — делінген Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы хатшылығы таратқан ақпаратта.