Оқуға түсе алмаған талапкерлерге тағы 10 мың грант бөлінеді

Қазақстандық талапкерлерге қосымша 10 мың грант бөлінетін болды. Бұған дейін түлектер гранттардың әділетсіз бөлінгеніне шағымданған болатын. 

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Қосымша гранттарға ҰБТ-да 100-ден жоғары балл жинағандар ие болады. 

«Биылдан бастап жылу энергетикасы, су, орман шаруашылығы салаларындағы үлкен проблемаларға байланысты жылу энергетикасы, гидрогеология, ветеринария, ауыл шаруашылығы саласындағы мамандықтарға қосымша гранттар бөлінеді. Жоғары балл жинаған студенттердің толық тізімін ректорларға бердік. Бұлар ең мықты, талантты оқушылар, олар сынаққа дайындалу үшін көп еңбек етті. Оларға еліміздің жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік беріледі», – деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Білім грантын иеленбеген талапкерлер үшін арнайы сall-орталық жұмыс істеп тұр. Оқушылар қосымша грант, оқу ақысын жеңілдету және басқа да мүмкіндіктер туралы ақпарат ала алады.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?