Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылындағы каникулдар кестесін бекітті

Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімін, сондай-ақ мектеп оқушыларының демалыс кезеңдерін бекітті.

inbusiness.kz

Астана, NEGE. Жаңа оқу жылы дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады.

Демалыс күндері:

  • күзгі демалыс 26 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді (7 күн);
  • қысқы демалыс 28 желтоқсан мен 10 қаңтар аралығында өтеді (14 күн);
  • көктемгі демалыс 22-28 наурыз аралығында өтеді (7 күн);
  • төртінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады және 25 мамырда аяқталады.

Бірінші сынып оқушылары үшін 8-14 ақпан аралығында 7 күндік қосымша демалыс беріледі.

Бірінші, екінші және төртінші тоқсан 8 оқу аптасына созылады, ал үшінші тоқсанда оқушылар екі аптаға ұзағырақ оқиды.

 Сондай-ақ 9 (10) және 11 (12)-сынып түлектерінің қорытынды аттестаттау мерзімі бекітілді.