«ӨКМ Операторы» ЖШС шоттарына салынған бұғаттың күші жойылды
Бұл туралы Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов мәлімдеді. Сондай-ақ, ол бұл қаражаттың қайда жұмсалғанын айтты.
Алматы, NEGE. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп қабылданған шаралардың нәтижесінде "ӨКМ Операторы" ЖШС шоттарындағы 198 млрд теңгеге бұрын салынған бұғаттың күші жойылды. Осы соманың 100 млрд теңгесін Үкімет жеңілдетілген автонесиелеуге бағыттады, - деп жазды Асылов Twitter-де.
Оның айтуынша, қалған қаражат басқа әлеуметтік жобаларға бағытталды.
2022 жылы 19 қаңтарда Үкімет "ӨКМ Операторының" кәдеге жарату жөніндегі қызметін тоқтату туралы қаулы қабылдады.
26 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері бұрынғы Экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевті сыбайлас жемқорлыққа байланысты күдікпен ұстады.