Ойнап жүріп адасып кеткен бала табылды

Атырауда полиция қызметкері жоғалған баланы тауып, анасына тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Қалалық Полиция басқармасының “102” операторына қаладағы Махамбет көшесі бойында орналасқан көп қабатты үйлердің бірінің ауласында ойнап жүрген баланың жоғалғаны туралы хабарлаған әйел, өзіне бауырының уақытша қалдырып кеткен баланың қала шетіндегі жеке секторларының бірінде тұратынын, сондықтан бұл аумақты дұрыс білмейтінін айтты. Бағыттама бойынша, 2011 жылы туған Төремұратты іздеуге қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды. Арада жарты сағатқа жетпейтін уақыт ішінде орталыққа ПБ Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімі аға инспекторы Ерлан Өтениязовтан рация арқылы баланың табылғаны туралы хабар келді. Сегіз жастағы бала аулада ойнап жүріп, байқамай үйден ұзап кетеді. Айтуынша, адасып, үйді таппай жүре беріпті. Полицей Ерлан Өтениязов баланы Абай көшесіндегі 19 үй мен мен Достық көшесіндегі 1 үй қиылысындағы аумағында ауласынан тапқаны туралы хабарлайды. Жасөспірім баланың аман табылғанына қуанған туыстары полицейлерге алғысын білдірді.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды