28 мая 2020 г. 15:45
Офшорға 140 миллиард доллар кетіпті
Капиталды шетелге асырып, жасыру тыйылмай тұр. Соңғы бес жылда осындай 235 қылмыстық іс қозғалған. Бірақ бір де бір тергеу қара бақырды да қайтара алмаған. Бұл туралы сенатор Ольга Перепечин мәлімдеді.
Алматы, NEGE. «Шетелге асырылған қаражат туралы нақты деректер қолымызда жоқ. Өйткені, мониторинг және бағалаудың бірыңғай жүйесі құрылмаған. Tax Justice Network атты халықаралық ұйымның мәліметіне жүгінсек, соңғы 20 жылда Қазақстаннан тек қана офшор аймақтарға 140 миллиард доллар көлемінде капитал жөнелтілген», – дейді депутат.