Облыс әкімінің орынбасары шымкенттік дәрігерлер өткізген акцияға қатысты пікір білдірді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов шымкенттік дәрігерлер түскен видеоға қатысты пікір білдірді.

Желіде қатар-қатар болып тізілген шымкенттік дәрігерлердің коронавирустан қайтыс болғандарды аза тұтқаны түсірілген видео тараған болатын. Қолданушылардың көбі бұл акцияның орынсыз екенін айтып, ұйымдастырушыларды айыптаған болатын.

Қалқаманов Facebook желісіндегі парақшасында қалада санитар нормаларды сақтай отырып, үш жерде іс-шаралар өткенін жазды.

Оның айтуынша, Түркістандағы бас тудың маңында бір минут үнсіздік жарияланды - онда полицейлер, қалалық емхананың қызметкерлері, облыс әкімі мен аппарат қызметкерлі қайтыс болғандарды аза тұтты.

Ал Шымкенттегі туберкулез диспансерінің бас дәрігері қажет емес бастаманы қолға алып, аурухананың бүкіл ұжымын сыртқы шығарып акция өткізді. Дәрігерлерді осындай қиын сәтте мазалау, былайша айтқанда, қылмыстық озбырлық", - деді Қалқаманов.

 

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған