Нұржан Құсайынов ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі директоры лауазымына тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақорданың баспасөз қызметі

Астана, NEGE. «Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Маратұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада. 

Н.Құсайынов. Фото: ғаламтордан

Естеріңізге салайық, жуырда Мемлекет басшысының шешімімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратылып, қаржылық қылмыстарды тергеп-тексеру ҰҚК-нің құзырына берілген болатын.