Нұр-Сұлтанның үздік ұстаздарына 40 млн теңге табыс етілді
Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов салтанатты жағдайда педагогтарды кәсіби мерекемен құттықтады.
Алматы, NEGE. Қала әкімдігінен мәлім еткендей, алғаш рет қала басшысы атынан «Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогы» медалінің иегерлеріне қосымша 833 мың теңгеден берілді. Барлығы педагогтарға 40 млн теңгеден астам қаражат табыс етілді. Сонымен бірге бірқатар оқу орнына 9 млн теңгеден әкім гранты ұсынылған. «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Білімді ұрпақ« идеясына сәйкес мемлекет сапалы білімге ерекше көңіл бөледі. Елордада жыл сайын оқу орындарын салып жатырмыз. Биыл салынған мектептер саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық. Осы жылы 12 мектеп салынды. Келесі жылы тағы сонша мектеп салынады. Оқу орындарын заманауи жабдықтармен жабдықтап, инновациялық технологияларды енгіземіз.