Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша Ashyq жобасына қатыспайтын бұқаралық шараларға қатысуға тыйым салынды.

Алматы, NEGE.  «Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары бұқаралық іс-шараларға, марафондар, спорттық, отбасылық, еске алу іс-шараларды қоса алғанда оның ішінде үйде банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу шарасын өткізуге және оларға қатысуға, «Ashyq» жобасына қатысатын іс-шараларды өткізуді қоспағанда, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар және тағы басқа ұйымдастыруға және қатысуға тыйым салынсын», - деп жазылған құжатта.

Сондай-ақ Ashyq жобасына қатыспайтын, қызметі жаңартылмаған немесе тыйым салынған нысандарға баруға шектеу сақталады.

«Боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, PlayStation клубтарына, бильярдқа, караокеге, батуттарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселерге және ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыс ойыны, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын-сауық орталықтарына, балалардың ойын бөлмелеріне, ойын алаңдары мен аттракциондарына, оның ішінде спорттық объектілерде орналасқандардан басқа, мұзды және роликті сырғанақтарға бармау қажет», - деп жазылған қаулы мәтінінде.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады