Нұр-Сұлтанға шетелден коронавирус жұқтырған жолаушы келді

Нұр-Сұлтанға келген әуе жолаушылардың бірінен коронавирус анықталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтанның ресми сайты.

Нұр-Сұлтан, NEGE. ПТР сынағынан өткені туралы сертификаты жоқ әуе жолаушыларын карантин стационарына жедел жеткізу шараларының арқасында елорданың медицина қызметкерлері тұрғындар арасында инфекцияның таралуын болдырмай, науқасқа уақтылы көмек көрсетті.

30 жастағы ер адам Мәскеуден ПТР сынағының сертификатынсыз келген. Әуежайдан бірден ол карантин стационарына жеткізіліп, қажетті зертханалық тексерулерден өтті.

Аурухана басшылығының айтуынша, науқастың нәтижелері анализ алған соң 4 сағаттан кейін дайын болған. Жолаушыдан аурудың симптомсыз түрі анықталып, үй жағдайындағы карантинге жабылды. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, шағымсыз. Ер адамды тұрғылықты жеріндегі емханалардың медициналық мамандары бақылайды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді