Нұр-Сұлтанға 23 тоннадан астам дәрі-дәрмек жеткізілді
Астаналық әкімдіктің баспасөз қызметі Нұр-Сұлтанға коронавирус, пневмония және тағы бірқатар ауру түрін емдейтін дәрі-дәрмектің ірі партиясы жеткізілгенін хабарлады.
Алматы, NEGE. Дәрі-дәрмекті астаналық дәріханалар желісінің дистрибьюторлары сатып алған. Үкімет дәріні елге әкелу, өткізу және жеткізу мәселелерін жеңілдеткен.
Осылайша дәріханаларға "Ксарелто", "Ингавирин", "Клексан", "Парацетамол", "Тромбо АСС", "Азитромицин", "Анаферон", "Сумамед", "Лидокаин", "Кардиомагнил", "Цефтриаксон", "Эргоферон" секілді аса қат дәрілер жеткізілген.
Бұған дейін осы аптада ел астанасына 30 тоннадан астам дәрі-дәрмек жеткізілген еді. Бүгін-ертең тағы 22тоннадан астам дәрі-дәрмек келеді деп күтіп отыр.