Нұр-Сұлтандағы өрт: 20 жастағы қыз терезеден секіріп кетті

Нұр-Сұлтандағы жиһаз салонынан шыққан өрт кезінде 2001 жылғы қызметкер терезеден секіріп кетті.

Алматы, NEGE. Оқиға куәгерлері редакцияға жіберген видеода жоғарғы қабаттағы қыз өзін құтқару мақсатында терезеден секіріп кеткені көрсетілген. 

Нұр-Сұлтанның ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен қыз - 2001 жылғы қызметкер. 

"Универсал" жиһаз цехының қызметкері. Бүгінде Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді, жағдайы орташа дәрежеде", - деді департамент өкілдері.