Нұр-Сұлтандағы қоғамдық кеңістіктер: скейт-алаң, work-out, белсенді демалысқа арналған жайлы жерлер
Елордада тұрғындар өмірін жақсарту және жайлы орта қалыптастыру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде. Биылдың өзінде қалада 150 аула мен 50 қоғамдық орын абаттандырылады. Қазірдің өзінде балалар да, ересектер де бос уақыттарын сол жерде өткізеді. Көпір асты кеңістігі (Сарайшық даңғылы) халықтың сүйікті орнына айналды. Бір кездері шөлді жерде 8 мың шаршы метр жайластырылған, деп жазады, қала әкімдігінің ресми сайты.
«Бұл шынында да халықаралық деңгейдегі инфрақұрылым. Қараңызшы, қанша адам баскетбол, футбол, волейбол ойнауда. Стритворкаутқа арналған тамаша жабдықтар бар. Шын мәнінде, керемет жобалар, таңқаларлықтай, дизайн бірден көзге түседі: біздің суретшілер салған бұл қабырға суреттері де керемет! Мұндай алаңдар бүкіл елде көп болғанын қалаймын», – дейді Нұр-Сұлтан тұрғыны Әнуар Ғазиз.
Әлемдік пандемия жағдайында көпір астындағы кеңістіктер айрықша да өзекті, дейді қала тұрғындары. Мұнда көңілді уақыт өткізуді қалайтын мектеп оқушылары да, кәсіби спортшылар да спортпен шұғылданады.
«Алдымен мен стрит-воркаутпен айналысатын жастар атынан қала әкімшілігіне осындай алаңдар үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Бүкіл әлемдегі жағдайды ескерсек, бүгінде олар өте қажет. Біз таза ауада жаттығамыз. Барлығы кәсіби тұрғыда дайындалған, жағдай жасалған. Ең бастысы, жастар уақытын бірге, пайдалы өткізеді», – дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Айтым Жақыпов.
«Бұл жастар үшін өте керемет орын. Біз көңілді уақыт өткіземіз», – дейді Амина Увалиева.
Тағы бір көпірасты кеңістік Л.Н. Гумилев ЕҰУ жанында орналасқан. Онда баскетбол, воркаут және скейт-алаңдар ашылып, теннис үстелдері қойылған.
"Бізде бұл спорттың дамытып келе жатқаны өте керемет. Скейт-паркі салынғанына қуаныштымын. Сырғанау өте ыңғайлы. Жақсы салынған", - деп атап өтті жас тұрғын.
Бұған дейін хабарланғандай, елордада 300 мыңнан астам адам жаңа аулалар мен қоғамдық кеңістіктермен қамтылған. ҚР Президенті бұқаралық спорт түрін дамытуды тапсырды. Елорда "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" мастер-жоспар тұжырымдамасы аясында дамып келеді.