Нұр-Сұлтандағы 11 дәріхана иесі өсімқорлықпен айналысқаны үшін жауапқа тартылды
Астанадағы 11 дәріхана иесіне Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы дәрі-дәрмек саудасына қатысты талапты бұзғаны және өсімқорлықпен айналысқаны үшін әрқайсына 180 570 теңге айыппұл салған.
Алматы, NEGE. Қазір Қазақстанның барлық ірі қаласында дәрі-дәрмек саудасындағы заңсыздықтарды тыю мақсатында прокуратура, полиция, мемлекеттік кірістер қызметі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі өкілдерінен құралған мобильді топтар дәріханаларды тексеруде.
Күні бүгінге дейін дәріханалардың дәрі бағасын негізсіз көтергені және рұқсаты жоқ дәрілерді сатқаны анықталуда.
Бір жыл ішінде айыппұл арқалаған дәріханалардың қызметі бір айдан алты айға дейін тоқтатылады.