Нұр-Сұлтанда жол апатынан үш адам қайтыс болды

Астаналық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты бүгін таңғы сағат 06:45 шамасында болған.

Алматы, NEGE. «Алдын ала тексеруде мәлім болғандай, Қабанбай даңғылымен келе жатқан «ВАЗ-21099» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кетіп, «Тойота Камри» көлігімен соқтығысқан. Жол апатының салдарынан «ВАЗ» көлігінің 19 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушысы сол жерде көз жұмды. «Тойотаның» жүргізушісі мен «ВАЗ» көлігінің тағы бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді» делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды