Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жарияланды

Ауа райына байланысты Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Бізде, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша төтенше жағдай жарияланды. Ол әділет басқармасында тіркеліп, төтенше жағдайға байланысты алты аймақ бойынша комиссия отырысы өткізіледі. Ең алдымен, Ақмола облысы, ШҚО, Павлодар облыстарына қатысты. Ауылдарды қамтамасыз ету қиын болған жерлерге төтенше жағдай жарияланады. ТЖ жарияланау себебі – өмір сүрудің қиындығы, адамдарды тұрғылықты жеріне жеткізудің мүмкін болмауы, сондай-ақ, азық-түлік пен дәрі-дәрмекпен қамтудың мүмкін болмауы» деді Ю.Ильин.  

Жергілікті жерде төтенше жағдай жариялау туралы 23 қаңтарда ұсыныс айтылған. Енді міне, бәрібір жариялауға тура келді. Елорда әкімшілігі жұмыс күнін қысқартпақ. Медициналық мекемелер жұмысын күшейткен.

Қазір оқып жатыр

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты