Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режимі жарияланды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Азаматтардың маңызды және тікелей қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында 2022 жылғы 5 қаңтардағы 16 сағат 00 минут пен 2022 жылғы 19 қаңтардағы 00 сағат 00 минут мерзімі кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласының шекараларында төтенше жағдай енгізілсін», – делінген жарлықта.

Бұдан бөлек, Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдайдың кезінде 23 сағат 00 минуттан 7 сағат 00 минутқа дейін коменданттық сағат енгізіледі.

Редакциядан: Елде қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты Nege.kz редакциясы тараптарды мәселені бейбіт жолмен шешуге, қан төгуге жол бермеуге шақырады.  

Қазір оқып жатыр

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады