Нұр-Сұлтанда террористік қауіптіліктің жоғары 'қызғылт сары' деңгейі жойылады

27 қаңтар сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан қаласында террористік қауіптіліктің жоғары 'қызғылт сары' деңгейі жойылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы. NEGE. "Елордада 27 қаңтар сағат 00:00-ден бастап террористік қауіптіліктің жоғары "қызғылт сары" деңгейі жойылады, күш құрылымдары штаттық жұмыс режиміне көшті", – деп хабарлады елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтанда 13 қаңтардан бастап террористік қауіптіліктің жоғары, "қызғылт сары" деңгейі белгіленген. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб құқық қорғау органдар жұмыстарына түсіністікпен қарауды және олардың заңды талаптарын сақтауды сұрайды.