Нұр-Сұлтанда талапкерді ҰБТ тапсыруға кіргізбеген

Нұр-Сұлтан қаласында дене қызуы көтерілген  талапкерді Ұлттық бірыңғай тестілеуге жібермеді. Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлады.

Алматы, NEGE. 21 маусымда басталған ҰБТ шарасында қауіпсіздік және санитарлық бақылау шаралары күшейген.  Арнайы зарарсыздандыру бекеттері қойылып, келгендерге екі медициналық маска беріледі және әрқайсының дене қызуы өлшенеді. Биыл 131 мыңнан астам мектеп бітіруші ҰБТ-ге қатысады. Сақтық үшін талапкерлер емтихан өтетін аудиториядағы орындардың тек үштен бір бөлігіне ғана отыра алады.

ҰБТ-ның алғашқы күні тек 6 512 абитуриент қана емтихан тапсырды.  

Ұлттық тестілеу орталығының мамандары қызуы көтерілген бозбала емтиханды кейінірек тапсыра алады деп отыр.

Қазір оқып жатыр

Атырауда мектеп маңында 1-сынып оқушысын көлік қағып кетті

Қазақстанда күн күрт суытады

Футбол федерациясы «Ордабасы» – «Атырау» кездесуіндегі төрешілер қателігін мойындады

Қазақстандықтар ұзағырақ өмір сүре бастады – Денсаулық сақтау министрлігі