Нұр-Сұлтанда салынып жатқан мешіттің конструкциясы құлады
Нұр-Сұлтанда салынып жатқан мешіттің конструкциясы құлады.
Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментіндегілер оқиға 19 ақпанда болғанын айтты. Монтаждалған металл конструкциясы құлаған.
"Монтаж жасайтын мамандар конструкцияны дәнекерлеу үшін краннан шешіп алған және сол кезде конструкция құлаған. Құрылысшылар ол кезде түскі үзілісте болды. Қазір бас мердігер "Сембол құрылыс" компаниясы жағдайдың мән-жайын тексеру үшін комиссия құрды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына Өнеркәсіп қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері барды", - деді Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.