Нұр-Сұлтанда наразылар митингке шықты

Нұр-Сұлтан қаласы, Абай мен Республика көшесіндегі Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш жанында митинг өтті.

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Қатысушылар 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі мен  2011 жылы болған Жаңаөзен құрбандарын еске алды. Кейбірі қазіргі әлеуметтік-саяси мәселеге пікірін білдірсе, енді бірі саяси тұтқындарды босатуын талап етті. Бұдан кейін қолдарына "Жаңаөзен, Ұмытпаймыз, Кешпейміз!" деген лозунг ұстап алғандар Сарайшық көшесімен жүріп өтті.