Нұр-Сұлтанда мәнерлеп сырғанаудан Ашық чемпионат өтеді

15-19 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында мәнерлеп сырғанаудан «Nur-Sultan Open» Ашық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 Нұр-Сұлтан, NEGE. «Алау» мұз сарайында өтетін жарыстарға балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ спорт шебері мен спорт шеберіне үміткерлер қатысады. Жеке разрядтағы жарыстар Халықаралық конькишілер одағының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Жарысқа елордалық мәнерлеп сырғанаушылар да, еліміздің басқа өңірлерінен келген жас спортшылар да қатысады. Бүгінгі күні қаланың ашық чемпионатына қатысуға 300-ге жуық өтінім қабылданды. Турнирдің ерекшелігі – жас конькимен жүгірушілердің өнерін алғаш рет жарысқа арнайы шақырылған халықаралық төрешілер бағалайды. Көрермендер мен жанкүйерлер Ashyq жүйесі арқылы кіреді. Сондай-ақ, чемпионат YouTube арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр