Нұр-Сұлтанда Мәдениет және спорт басқармасының басшысы қамауға алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жедел-тергеу қызметінің нәтижелері туралы өткен онлайн брифингте айтылды. «Ол «Наурыз мейрамы-2020» мерекесін тойлауға орай жалпы сомасы 195 миллион теңгеге іс-шаралар өткізу бойынша қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісімшарт бойынша қамқорлық көрсету үшін 10 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», – деп мәлім етті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров. Оның айтуынша, тергеу сотының санкциясымен күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?

Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты