Нұр-Сұлтанда LRT құрылысы аяқталатын болды
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов "Astana LRT" жобасы жақын арада аяқталатынына және елордада жеңіл рельсті транспортты қолданатын күн жақын екеніне сенімді. Бұл туралы ол қалалық мәслихат депутаттарына мәлімдеді.
Алматы, NEGE. "Басты сұрақтардың бірі – қаржыландыру мәселесі. "Astana LRT" жобасы үлкен инвестицияларды қажет етеді. Әрине, орнатылған бетон тіреуіштер қалаға әр бермейтіні түсінікті", - деді Көлгінов ұзақ уақытқа созылған құрылыс жайлы.
Елорда әкімі сонымен қатар бұл мәселе жайында банктермен бірнеше жылдар бойы талқыланғанын айтты.
"Біз банктермен бұл мәселе жөнінде бірнеше жылдар бойында сөйлестік. Әрбір екінші деңгейдегі банктің бұл іспен айналысуға құлқы жоқ және мүмкіндігі де жетіспейді. Осы себепті біз сәйкесінше конкурс жарияладық. Қазір банктердің бірі өз келісімін берді, алдағы уақытта тиісті келісімге қол қойылғаннан кейін хабарлайтын боламыз", - деді Алтай Көлгінов.