Нұрсұлтанда қасқырлар жүр деген видеолар жалған
Елорда көшелерінде қасқырлар жүр деп таратқан видеоларды қала әкімдігі теріске шығарды
Алматы, NEGE. «Әлеуметтік желілерде қаланың шеткері аймақтарында жүрген қасқырлар туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпаратты тарату жауапкершілікке тартуға алып келетінін есте сақтап жүрген жөн», – деп жазды елордалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева facebook желісінде.
Желіге тараған видеолар бірнеше жыл бұрын Ресейде және Қазақстанның өзге өңірлерінде түсірілген. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет айтты.
Биыл республика бойынша жалпы 4 824 қасқыр мен 11 733 шибөрі атуға рұқсат берілді.
- Оқи отырыңыздар: Биыл қанша қасқыр атуға болатыны анықталды