Нұр-Сұлтанда иттерді зорлап жүрген кім?

Елорда еріктілері иттердің зорланғанын айтып дабыл қақты.

Алматы, NEGE. Медициналық қорытынды, төрт итке сексуалдық зорлық көрсетілгенін растап отыр.

Еріктілердің сөзіне сенсек, 6 қыркүйек күні олар жағдайы ауыр төрт итті тауып алған. Айтуларынша, олардың жыныс мүшесіне зақым келген. Иттердің бірін қан-жоса күйінде дереу дәрігерлерге жеткізген. Қалған үшеуін клиникаға келесі күні алып барыпты. Содан кейін еріктілер полицияға шағым түсірген.

Дәрігер иттерді қарағаннан кейін олардың бір уақытта араға бір-екі күн ғана салып, жыныс мүшесінен жарақат алғанын анықтады деп жазады куәгерлер.

«Астана Ветсервис» өкілі Sputnik Қазақстан тілшісіне олардың аймағында иттерге зорлық көрсету фактісі бойынша тексеріс жүргізілетінін мәлімдеген.

Қазір полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты