Нұр-Сұлтанда есірткі сатқан адам ұсталды
26 тамызда А. Иманов көшесінде 42 жастағы қала тұрғыны ұсталды.
Алматы, NEGE. Оның бұрын сотталғаны анықталды. Үйді тінту кезінде 151 грамм оралған наша тәркіленді. Күдікті оны астана аумағында сатпақ болған. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
23-29 тамыз аралығында көшелер мен қоғамдық орындарда заң бұзушылық пен қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында астана аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шаралары жүргізілуде.
Шаралардың басынан бері 131 қылмыс тіркелді, олардың 98-і ашылды. Сонымен қатар бұрын жасалған 70 қылмыс анықталып, іздеуде жүрген 18 қылмыскер ұсталды. 3 мыңға жуық тұрғын үй араланды, ішкі істер органдарының есебінде тұрған 3 452 адам тексерілді.