Нұр-Сұлтанда ер адам бесінші қабаттан құлады
Нұр-Сұлтанда сол жағалауда ер адам бесінші қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді.
Нұр-Сұлтан, NEGE. «11 тамыз күні сағат 18.28-де полицияның 102 нөміріне түрлі жарақаты бар ер адамның ауруханаға жеткізілгені туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері оқиғаның Достық көшесінде болғанын, онда 34 жастағы ер адамның 5-ші қабаттың терезесінен құлап кеткенін анықтаған. Оқиға кезінде ер адам үйде жалғыз болған», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті. Департаменттің хабарлауынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.