Нұр-Сұлтанда 37 мұғалім коронавирус жұқтырған
Қалада 12 мектеп карантинге жабылған. Елордада мұғалімдер арасында COVID-19 вирусын жұқтырудың 37 жаңа дерегі тіркелді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Нұр-Сұлтан, NEGE. «Бүгінде қалада 37 мұғалім мен 1 256 оқушы коронавирус жұқтырып, ауырып жатыр. COVID-19-дың одан әрі таралуына жол бермеу үшін мектеп директорлары СЭС мамандарымен бірігіп жұмыс істеп жатыр», - деді басшының орынбасары елорда әкімдігінде өткен брифингте. Бағлан Сматаева астаналықтарға маска тағып, арашықтықты сақтап жүруге кеңес берді.