Нұр-Сұлтанда 2 жасар бала коронавирустан жазылды

Нұр-Сұлтанда 2 жасар бала коронавирустан жазылды, - деп хабарлады елорда әкімдігі.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Елордада 21 сәуірде 17 науқас коронавирустан жазылды. Олар стационарда 3 және 4 сәуірден бері емделген. Барлық науқас КВИ емдеудегі клиникалық хаттамаға сәйкес ем қабылдады. Енді 2 апта бойы үйдегі карантинде болады.

"21 сәуірде жазылғандардың арасында екі бала бар - 2015 жылы туған ұл және 2018 жылы туған қыз. Бұдан бөлек, коронавирустан жазылған жүкті әйел 17 сәуірде босанды. Баланың коронавирусқа талдауы теріс нәтиже көрсетті. Қазір Нұр-Сұлтанда коронавирус диагнозымен 390 науқас емделіп жатыр", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды