Нұр-Сұлтан-Алматы рейсінің ұшағы техникалық ақауға байланысты әуежайға оралды

Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан 'Эйр Астана' әуекомпаниясының ұшағы техникалық ақауға байланысты әуежайға қайтты, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.

Алматы, NEGE. "Бүгін таңғы сағат 07.43-те Нұр-Cұлтан-Алматы бағыты бойынша Эйр Астана әуекомпаниясының А 321 әуе кемесі герметикалықты жоғалтудың техникалық себебіне байланысты Нұр-Cұлтан әуежайына оралды", - делінген ААК хабарламасында.

Әуе кемесі Нұр-Сұлтан әуежайына таңғы сағат 08:32-де сәтті қонды.

Бортта 158 жолаушы мен экипаж мүшесі болған. Аталған дерек бойынша ҚР ИИДМ авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізеді.