30 августа 2022 г. 15:21
Нұр-Сұлтанда жас жігіт құрылыс алаңында көз жұмды
Елордада 20 жастағы жігіт құрылыс алаңында көз жұмды.Қайғылы оқиға демалыс күні болған
.
Аcтана, NEGE. Төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 20 жастағы жігіт мұнара кранының кабинасынан құлап түскен.
"28 тамызда сағат 10.15 шамасында Сауран құрылыс нысанында қайғылы жағдай болғаны туралы хабарлама түсті. Мұнара кранымен жұмыс кезінде оның кабинасынан 2002 жылы туған ер адам құлап кеткені анықталды", - делінген хабарламада.
Алған жарақаттан жігіт сол жерде көз жұмды.