Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларына айыппұл салынды

Карантин талаптарын сақтамағаны үшін әуежайлар мен әуе компанияларына айыппұл салынды.

Алматы, NEGE. «Карантин талаптарын сақтамауға себеп болған негізгі мәселелер: келушілер мен кетушілерге арналған бір ғана кіреберістің болуы, жолаушылар арасындағы арақашықтықтың сақталмауы, терминалда дезинфекциялық кілемшелердің төселмегендігі, перрондық автобустың жүргізушісінің маскасыз және қолғапсыз қызмет көрсетуі», – деп мәлімдеді Сәдуақас Байғабұлов. Сонымен бірге «SCAT» әуе компаниясына жолаушылар арасындағы қашықтықты сақтамағаны үшін, ал «Air Astana» әуе компаниясына әуе билеттерін сату кеңсесіндегі қызметкер мен сатып алушы арасындағы қорғаныс шектеуі болмағаны үшін айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде учаскелік полицей қарт ананы 30 жыл көрмеген балаларымен қауыштырды

Алматыда дәрігерлер екі жастағы баланың басына кіріп кеткен қайшыны алды

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Трейдерлер Қытайға экспорттан шет қалғанын айтып, дабыл қақты