Нұрсұлтан Тұрсынов әлемдік доданы сәтті бастады

Норвегияның Осло қаласында күрестен әлем чемпионаты аяқталуға жақын.

Алматы, NEGE.  Бүгін грек-рим күресінің шеберлері 63, 67 және 87 келі салмақта сынға түседі, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық Нұрсұлтан Тұрсынов әлемдік доданы сәтті бастады. 87 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын ол іріктеу кезеңінде украиналық Юрий Шкрюбаны 10:0 есебімен ұтты.

Турнирдің 1/8 айналымында Тұрсынов венгриялық Иштван Такашпен белдеседі.

Сондай-ақ, бүгін боз кілемге Сұлтан Әсетұлы (63 келі) мен Алмат Кебіспаев (67 келі) шығады.

Қазір оқып жатыр

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты