Нұрсұлтан Назарбаев Горбачевты құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевты 90 жасымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Instagram-да жазды.

Алматы, NEGE. Құттықтауда КСРО тұңғыш президентінің бай жарқын мемлекеттік қызметі үлкен құрметке лайық екені атап өтілген.

«Әлем тарихына орасан зор ықпал еткен үлкен өзгерістер сіздің атыңызбен байланысты. Мерейтойыңызды күш-жігермен, қуатпен, жұмыс істеуді доғармай, өзекті қоғамдық, гуманитарлық және ағарту жобаларын іске асыра жүріп қарсы алып жатқаныңыз қуантады. Біз белгілі бір уақытта бірлесе өткен саралы жолға негізделген достық пен сенімді қарым-қатынастарымызды жоғары бағалаймын», – делінген құттықтауда.

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевқа мықты денсаулық, ұзақ өмір, бақ-береке және бар жақсылықты тілегені хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті