Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінде ме? Елшілік жауап берді

Бірнеше күннен бері жұрт Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевты іздеп таба алмай жүр. «Назарбаев БАӘ-ге кетті» деген ақпараттың рас-өтірігін РИА Новости зерттеп көріпті.

Алматы, NEGE. Ақпарат агенттігінің жазуынша, Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігі Нұрсұлтан Назарбаевтың осы елге келгенін растамаған. РИА Новости бүй деп жазды: «Елшілік Н.Назарбаевтың баспасөз хатшысының таратқан хабарына сілтеме жасады, ал ол Назарбаевты Қазақстанда деген».

Бұған дейін кейбір БАҚ Қырғызстанның «Манас» халықаралық әуежайына Назарбаевтар отбасына тиесілі екі жекеменшік ұшақ келіп қонғанын, оның бірі Македониядан, ал екіншісі Біріккен Араб Әмірліктерінен жеткенін, біршама уақыттан соң ұшақтар әуежайдан ұшып кеткенін жазған болатын.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды